Апелляциялық сот Гүлмира Сатыбалдының үкімін өзгеріссіз қалдырды
Жарияланған күні:
Алматы қалалық соты сотталған Гүлмира Сатыбалдының апелляциялық шағымын қарады. Сот оның үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, апелляциялық сот отырысы 2025 жылдың 5 қаңтарында өткен.
Шағым қаралып, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Еске салсақ, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Сонымен қатар 2022 жылдың қыркүйегінде Антикор Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Желтоқсанда Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің екі дерегі, соның ішінде адам ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтағанын айтты.
Сот тыңдауы Алматыда 2023 жылдың 15 мамырда басталды. Ол алқабилер сотынан бас тартқан болатын.
2023 жылдың қаңтарында Астанада басталған сотқа барлық айыптар жеткен жоқ. Прокурордың айтуынша, Сатыбалдыға озбырлық жасады және адам ұрлауды ұйымдастырды деген айып тағылды.
Прокурор сотталушының қарамағындағы қызметкерін ұрлауды қалай ұйымдастырғаны туралы егжей-тегжейлі айтып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Гүлмира Сатыбалдының өзі кінәсін ішінара мойындағанымен, адам ұрлау фактісін мойындаудан бас тартты.
Сот үкімі жарияланғанға дейін Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін сөйлеп, тұңғыш президенттің отбасымен ешқандай байланысы жоқ екенін, өзінің бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалдының кінәсін мойындауына ықпал ету үшін пайдаланылғанын мәлімдеді.
2023 жылы 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың 30 маусымында Қызылорда соты қаладағы жылу желілерін салу кезінде 441 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген Гүлмира Сатыбалда мен тағы 6 айыпталушыға қатысты үкім шығарды.
Нәтижесінде Гүлмира Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды. Ал Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеу үшін кесілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208773-apelliatsiialyq-sot-gulmira-satybaldynyng-ukimin-ozgerissiz-qaldyrdy/