jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте әскери борышын өтеген 48 сарбазға оқу гранты берілді

Сарбаз
Сарбаз. Фото: 24.kz

Шымкентте әскери борышын өтеген 48 сарбазға оқу гранты берілді. Енді олар Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ елдегі 70 шақты университетте кәсіби білім ала алады, деп хабарлайды 24KZ.

Телеарна мәліметінше, грантқа ие болғандар жауынгерлік қызметін жақсы атқарып, үлгілі тәртібімен көзге түскен. Сонымен қатар олардың психологиялық және физикалық дайындығы мен оқу-жаттығу шараларындағы нәтижесі жоғары бағаланған.

Тәуелсіз комиссия мүшелері жыл бойы цифрлық платформаға енгізілген деректерге талдау жасап, осындай қорытындыға келген. Министрлік тарабынан берілетін грант сертификаты Алматы, Қызылорда, Тараз қаласы мен өзге де өңірлердегі жауынгерлерге табысталды.

"Жауынгерлік қызметті атқару барысында мен көптеген нәтиже мен жетістікке жеттім. Олардың ішінде осы сертификатты ауыз толтырып айтуға болады. Бұл маған Алматы қаласындағы ЖОО грантқа түсуге мүмкіндік береді", - дейді қатардағы жауынгер Әлімжан Толыбеков.

Ал мерзімді әскери міндетін атқарған өзге отан қорғаушылар тест тапсырмай, ақылы негізде оқиды.

"Оларға алғысым шексіз. 1 жыл ішінде қызметін адал атқарып, 156 сарбаз аман-есен жеріне оралып отыр. Өзінен кейінгі 1-24 шақырылымдағы сарбаздарға жақсы үлестіріп, 1 жыл бойы үйренгенін үйретіп кетті", - дейді қалалық 66-98 әскери бөлімінің командирі Нұрлан Сәкібеков.

Шымкентте әскери борышын өтеген 48 сарбазға оқу гранты берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.