jitsu gif branding logo appbranding logo app

"95 көлік соқтығысқан жол апаты": оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысындағы жол апаты
Ақмола облысындағы жол апаты: instagram.com/aqmola_pd

3 қаңтарда Астана-Щучинск тасжолында 95 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Полиция өкілдері жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жүргізушілердің арақашықтықты және жылдамдық режимін сақтамауына байланысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру") және 353-бабы 1-бөлігі ("Көлік саласындағы қолданыстағы ережелерді бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, 3 желтоқсан күні бұл жаппай апатта 95 көлік соқтығысып, көптеген көлікке зақым келген. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша, жолдағы көріну деңгейінің төмендігі мен көктайғақ апаттың негізгі себептері ретінде қарастырылып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.