Руслан Сейсембаев ҰҚК Шымкент бойынша департаментінің бастығы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы болып ҰҚК генерал-майоры Руслан Сейсембаев тағайындалды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.
Руслан Сейсембаевтың тағайындалуы туралы ақпаратты агенттікке департамент өкілдері растаған.
Руслан Сейсембаев 1997-2008 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.
2008-2023 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
2023 жылғы сәуірден бастап ҰҚК төрағасының орынбасары болған.
2024 жылғы қыркүйек айында Руслан Сейсембаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209145-ruslan-seisembaev-uqk-shymkent-boiynsha-departamentining-bastygy-bolyp-tagaiyndaldy/