Top.Mail.Ru

Зектілері

ІІМ: Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіге кісен салу
Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан ішкі істер министрілігінің мәліметінше, кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан аса қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтында жарияланған мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты қозғалған 120-дан аса қылмыстық істің 13-інің трансұлттық қылмыстық топтарға қатысы бар. Осы істер аясында 600-ден аса күдікті жауапқа тартылған.

"Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни "қылмыс әлемінің дөкейі" ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты "заңдағы ұрының" Қазақстан аумағында әрекет етуіне жол берілмеді.

Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды", - деп хабарлады ІІМ.

Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті тоқтатпауды, осы бағытта нақты шаралар қабылдауды көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209160-iim-uiymdasqan-qylmystyq-toptardyng-27-mushesi-ustaldy/