Алматы әуежайында бірнеше рейс кешіктірілді
Жарияланған күні:
Алматы халықаралық әуежайында 8 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс кешіктірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мегаполис әуежайы таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.
Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада қар жауып тұр, тұман әлі сейілген жоқ.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің бір бөлігі кейінге шегерілді", - деп хабарлады әуежайдағылар.
Әуежай сайтында Шымкент, Ақтау, Астана, Атырау, сонымен бірге Ресей мен Шри-Ланкаға қатынайтын халықаралық рейстер шегерілгені айтылған.
Gismeteo порталының мәліметінше, Алматыда қар аралас жаңбыр жауып тұр, ал таңғы 5 шамасында қалың қар түсті.
Оңтүстік астанада ауа температурасы күндіз 0 градус шамасында, ал түнде -7 градусқа дейін төмендейді.
Айта кетейік, бір күн бүрын Алматы әкімдігі мегаполисте түнде және таңертең қалың қар жауатынын ескерткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209179-almaty-auezhaiynda-birneshe-reis-keshiktirildi/