jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады

Кеңсе орындықтары
Кеңсе орындықтары. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметтің сәрсенбідегі отырысында биыл Астанада Ұлттық құзыреттер орталығы құрылатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкімет таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Министрдің айтуынша, мұндай орталық кәсіби құзыреттерді, жаңа технологиялық шешімдерді және заманауи кәсіби дағдыларды дамытуға және өндіріске енгізуге ықпал етеді. Осындай орталықтар әлемнің өндірісі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде бар.

"Ұлттық құзыреттер орталығы базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға арналған оқу-жаттығу лагерлері, республикалық біріншілік, ұстаздарға арналған салалық курстар өткізіледі", - дейді түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Бұған қоса, министр елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторлар тарту жоспарланғанын айтты.

Бейсембаевтың мәліметінше, қазір 518 кәсіпорын колледждерге қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы уақытта білім беру мекемелеріне қолдау көрсететін кәсіпорындар санын 4 мыңға жеткізу көзделген.

Қазақстанда Ұлттық құзыреттер орталығы құрылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.