Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ мен ҰҚК Қарағанды облысында арнайы операция өткізді (видео)

Жарияланған күні:

Тәркіленген құрылғы
Тәркіленген құрылғы. Видеодан алынған кадр: polisia.kz

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен, ҰҚК-мен және ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып, интернет-алаяқтыққа байланысты заңсыз әрекеттерді тоқтатуға бағытталған операция жүргізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының 34 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілерге ұялы байланыс құрылғыларының сәйкестендіру кодтарын заңсыз өзгертті, сонымен бірге бағдарламалық қамтамасыз етуді жасап, қолданды және таратты деген айыптар тағылған.

Тергеу барысында күдіктілердің бір бөлмелі пәтерді жалға алып, онда арнайы жабдық орналастырғаны анықталды. Олар әр 10 күн сайын пәтерге келіп, құрылғылардағы sim-карталарды ауыстырып отырған.

Полиция қызметкерлері пәтерді тінту барысында 232 sim-карта мен екі жиынтық sim-box жабдығын тәркіледі. Осы құралдар алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған.

Қылмыстық іс қозғалды. Заңға қайшы әрекеттердің мән-жайын, күдіктілердің сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар киберполиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол азаматтарды әлеуметтік жәрдемақы алуға және жүргізуші куәлігін дайындауға көмектесем деген сылтауымен алдап, солардың атына онлайн-несиелер рәсімдеген. Оның 11 қылмыстық әрекетке қатысы бар екені дәлелденді, деп хабарлайды ІІМ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209263-iim-men-uqk-qaragandy-oblysynda-arnaiy-operatsiia-uiymdastyrdy-video/