Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасарлары тағайындалды

Жарияланған күні:

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Камбаров Бекзат Сейтбекович тағайындалған. Ол 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2004 жылдың сәуір айынан бері қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Огай Сергей Афанасьевич тағайындалды. Ол 1981 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдың желтоқсан айынан бері қызмет атқарады.

Одан бөлек Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары лауазымына Кисыков Ерболат Аканович тағайындалды. Ол 1969 жылы Қостанай облысы Жарқайын кентінде туған. Мемлекеттік қызметте 12 жыл еңбек етіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209374-shymkent-qalasy-tzhd-bastygynyng-orynbasarlary-tagaiyndaldy/