Министр Алматыда заң бұзған үндістандық студенттер депортацияланатынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮкімет кулуарында ғылым және жоғары білім министрі бұған дейін төбелеске қатысқан үндістандық студенттерді Алматыдан депортациялау мәселесі "шешілгенін" айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"6 адам – Үндістаннан келген студенттер (төбелеске қатысқандар – ред. ескертпесі). Ол жерде біздің студенттер жоқ. Қазіргі уақытта Алматы қаласы полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр, қорытындысын күтейік.
Мен елшілікпен тікелей байланыстамын, сөйлесіп, бұл студенттерді депортациялау туралы ортақ шешім қабылдадық. Бұл – біздің ұстанымымыз. Президент жуырда берген сұқбатында әрбір шетелдік азамат өз елінде қалай заңға бағынса, біздің елде жүргенде де Қазақстанның заңына бағынуға міндетті екенін айтты. Депортация мәселесі елшілікпен берге шешіліп қойған", - деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Бұған дейін Алматыда Жаңа жыл түні Көктөбеде орналасқан мекемелердің бірінде шетелдік студенттер арасында төбелес болғанын жазған едік.
Кейін Алматы полиция департаменті бұл деректі растап, Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттер арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқанын айтты. Оның барлық қатысушысы ұсталып, Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209461-ministr-almatyda-zang-buzgan-undistandyq-studentter-deportatsiialanatynyn-malimdedi/