jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкент колониясында 160 сотталушы жұмысқа орналасты

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: Darrin Klimek/Getty Images

    Шымкент колониясында 160 соталушы жұмысқа орналасты. Бұл туралы OTYRAR Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, №54 мекемеде арнайы киім тігу бойынша тігін өндірісі іске қосылған. Осы жоба шеңберінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатарынан 160 жұмысшы жұмысқа орналастырылды және толық әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілді.

    Сотталғандар ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан үшін нысанды киім дайындайды. Қазіргі уақытта 1,5 млрд теңге сомасына нысанды киім-кешек тігу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы алдын ала шарт жасалды. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен азаматтар үшін мекемеде өнім көрмесі өткізілді.

    Бүгінде "Ақниет" ҚБ инвесторларымен №53 мекемеде шұлық, іш киім және төсек-орын өндіру бойынша бір мезгілде келіссөздер жүргізілуде.

    Айта кетейік, мұндай акцияның мақсаты – проблемалық мәселелерді шешу ғана емес, сонымен бірге жалпы мерзімін өтегендерді қоғамға одан әрі интеграциялау.

    Шымкент колониясында 160 сотталушы жұмысқа орналасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.