Top.Mail.Ru

Зектілері

Желіде офицердің "Жас Ұлан" мектебі оқушысына қол көтерген сәті түсірілген видео тарады

Жарияланған күні:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Семей қаласында офицердің "Жас Ұлан" лицей-интернаты оқушысына қол көтергені түсірілген видео тарады. Абай облыстық білім басқармасы өкілдері видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Egov.kz арнасында жарияланды.

"Семей қаласындағы "Жас Ұлан" мамандандырылған ерлер лицей-интернатының мұғалімдері оқушыларға физикалық күш қолданып жатыр", - делінген жазбада.

Бұл жайтқа Абай облыстық білім басқармасы өкілдері түсініктеме берді. "2024 жылғы 9 қыркүйекте әлеуметтік желілерді бақылау кезінде 2022 жылдың қараша айында түсірілген бейнеролик анықталды, онда офицер-тәрбиеші тәрбиеленушіге физикалық күш қолданған.

Жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша оқиға екі жыл бұрын болғаны, ол кезде ұлан 8-сыныпта оқығаны белгілі болды. Бүгінде ол 10-сынып оқушысы", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында өзіндік даярлық кезінде офицер-тәрбиеші оқушыға оқу үлгерімі үшін сөгіс беріп, содан кейін оның басынан алақанымен екі рет ұрғаны анықталған. Оқушының денсаулығына зақым келмеген, медициналық көмекке жүгінбеген. Оқушының ата-анасының офицерге ешқандай шағымы болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209532-zhelide-ofitserding-zhas-ulan-mektebi-oqushysyna-qol-kotergen-sati-tusirilgen-video-tarady-vedomstvo-okilder-tusinik-berdi/