Шымкент қаласы ТЖД кадр саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы тағайындалды
Опубликовано:

Шымкент қаласы ТЖД кадр саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тағайындауға қатысты ақпарат Instagram-дағы 112shymkent_tjd парақшасында жарияланды.
"Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2 ж/қ бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғау капитаны Нұрмұхаммед Еркенұлы Бостанбек Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін азаматтық қорғау подполковнигі Нұрболат Нұржанұлы Педен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2209533-shymkent-qalasy-tzhd-tagy-bir-basqarma-bastygy-tagaiyndaldy/