jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы – Анталья бағытында ұшып шыққан ұшақ Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды

    Әуежайға қонған ұшақ
    Ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

    8 қаңтарда Алматы – Анталья бағыты бойынша ұшып шыққан Airbus A321 ұшағы техникалық себеппен Ақтау әуежайына қонды. Әуекомпания өкілдері осы жайтқа түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Air Astana әуекомпаниясының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 8 қаңтарда КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08: 35-те ұшып кеткен.

    "Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болды", - делінген компания хабарламасында.

    Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты рейс 9 қаңтар сағат 09: 20-ға ауыстырылған.

    "Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Мұндай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қабылданып жатыр", - дейді Air Astana өкілдері.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақтауға ұшпақ болған FlyArystan ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты екі рет Атырауға оралғанын жазған едік.

    Алматы – Анталья бағытында ұшып шыққан ұшақ Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.