Алматыда ірі қойма өртенді (видео)
Жарияланған күні:
ТЖМ өрт сөндірушілері Алматы қаласының Алатау ауданы Қасым Шәріпов көшесіндегі бір қабатты қойманың өртін сөндіріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ Telegram-дағы мәліметінше, қазір өрт сөндірушілері Алматы қаласының Алатау ауданындағы Қасым Шәріпов көшесіндегі бір қабатты қойманың өртін сөндіріп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
21:58-де өрт сөндірушілердің видеосы ТЖМ Telegram-дағы арнасында жарияланды.
Сағат 22:16-да құтқарушылар жоғары деңгейдегі шақырту бойынша келген кезде қоймадағы өрт баспаханаға жеткені хабарланды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 73 адам мен 23 техника жұмылдырылған. Барлық қажетті шара жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209590-almatyda-iri-qoima-ortendi-video/