jitsu gif
Қаржы

    Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Өзбекстанға кіргенде арнайы алым төлей ме

    Шекара бекетінде тұрған көліктер
    Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Көлік министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін мәлімдеме жасап, қазақстандық жүк тасымалдаушылар Өзбекстанға кіргенде арнайы алым төлеудің қажеті жоқ екенін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

    Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат тараған.

    "Өзбекстан Республикасына халықаралық автотасымалдарды іске асыратын қазақстандық тасымалдаушылардың назарына: 2007 жылғы Қазақстан Республикасының үкiметi мен Өзбекстан Республикасының үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған.

    Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ", - делінген мәлімдемеде.

    Айта кетейік, 2025 жылы такси жүргізушілеріне қатысты ережелер қалай өзгеретіні туралы жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.