jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Сербияда ұсталды": алаяқтық жасаған деген күдікпен іздеуде болған қазақстандық экстрадицияланды

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елде алаяқтық дерегі бойынша іздеу салынған күдікті Сербиядан экстрадицияланды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен 2023 жылдың қыркүйек айында көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Сербияда ұсталған.

"Бүгін 45 жастағы күдіктіні Бас прокуратура өкілдері Қазақстанға экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, 2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Жәбірленуші онымен келісімшарт жасасып, 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған.

Еске салсақ, Дубайда Қазақстан азаматы ұсталғанын жазған едік. Ол компанияның қомақты ақшасын иемденді деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ Алматыда көрші мемлекетте іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол жалған құжат жасап, ақша ұрлады деген күдікке ілінген.

"Сербияда ұсталды": алаяқтық жасаған деген күдікпен іздеуде болған қазақстандық экстрадицияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.