jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

    Костюмдегі ер адам
    Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкент қаласының прокуратурасы сот арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушілерді тізілімге енгізбеу фактілерін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Прокуратура мәліметіне сүйенсек, бұл бұзушылық жосықсыз өнім берушілерге конкурстарға кедергісіз қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мүмкіндік берді.

    Қадағалау актісі бойынша тізілімге 25 жосықсыз өнім беруші енгізіліп, 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Айта кетейік, осыған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы жемқорлық айыбымен сегіз жылға сотталғанын мәлімдеген еді.

    Шымкентте 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.