"Тендер ұтып беремін": Шымкентте танысынан 500 мың теңгеден астам ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Шымкентте танысынан 500 мың теңгеден астам ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық жайты бойынша арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама аясында тендер ұтып беремін деп жарты млн теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге Тұран ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде күдіктіні анықталып, ұсталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын толығымен қайтарылды.
Өз кезегінде қала тұрғыны тәртіп сақшыларына қызмет барысында көрсеткен кәсібилігі үшін алғыс білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209941-tender-utyp-beremin-shymkentte-tanysynan-500-myng-tenggeden-astam-aqsha-urlagan-kudikti-ustaldy/