Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақмола облысында тасжолда 95 көлік соқтығысты: жол апатына қатысты тағы бір видео пайда болды

Жарияланған күні:

Көліктер
Көліктер. Фото: telegram.org/@qazavtojol

Астана-Петропавл жолындағы 95 көліктің қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасы алдындағы жағдайды бейнелейтін бақылау камераларының кадрлары пайда болды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның ресми Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, бейнежазбада Астана – Петропавл автожолындағы жүргізушілер колоннаны сүйемелдеу кезінде қозғалыс ережелерін елемей, бір-бірін басып оза бастаған сәттер бейнеленген.

Жазба оқиғаға дейін жолдың ақылы учаскелерінде орнатылған камералар арқылы түсірілген.

"ҚазАвтоЖол" ҰК ұсынған видеода кейбір көлік жүргізушілерінің бір-бірінің жолын кесіп жатқаны айтылған.

"Қыс мезгілінде жылдамдықты сақтау өте маңызды, ал бірін-бірі басып озуға қатаң тыйым салынады, себебі бұл төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" ҰК.

Бейнежазбаның екінші бөлігінде Астана-Теміртау тасжолында көлік жүргізушілерінің жол ережесін сақтай отырып, басып озуға жол бермей, колонна бойымен жүріп жатқаны көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209944-aqmola-oblysynda-taszholda-95-kolik-soqtygysty-zhol-apatyna-qatysty-tagy-bir-video-paida-boldy/