Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте өткен жылы 237 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылған

Жарияланған күні:

Ақша ұстаған адам қолы
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

Шымкентте өткен жылы 237 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы Шымкент қаласында 237 695 азаматқа зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік төлемдер тағайындалған, оның жалпы төлем сомасы 345 041 мың теңгені құраған.

"Жаңадан тағайындалған және қайта қаралған төлемдер саны 163 834 іс-шараны қамтыды, оның ішінде жаңадан тағайындалған төлемдер 85 492, ал қайта қаралған төлемдер саны 78 342-ні құрады.

Барлық процесс Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіліп, қызмет көрсету мерзімдері бұзылмаған және заңсыз төлемдер анықталмаған", - делінген хабарламада.

Жалпы есептік кезеңде азаматтарға әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша 67 253 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 43,12 пайыз өтініш ХҚКО арқылы, 40,92 пайыз проактивті қызметтер арқылы, 13,58 пайыз банктік қосымшалар арқылы, 2,31 пайыз электронды үкімет порталы арқылы қабылданған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге байланысты өтініштердің 1,7 пайызы, яғни 2 962 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған.

"Құжаттардың дұрыстығын растау мақсатында 76 іс бойынша уәкілетті органдарға сұраныс хаттар жолданды. Сонымен қатар ТМД елдерінен түскен 1 318 сұраныс және 226 азаматтың арыз-шағымдары заңмен белгіленген мерзім ішінде қаралып, тиісті жауаптар берілді. Келушілердің жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстары да үздіксіз жүргізілген", - делінген ӨКҚ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209952-shymkentte-otken-zhyly-237-myngnan-astam-azamat-aleumettik-qoldaumen-qamtylgan/