Top.Mail.Ru

Зектілері

Қазақстан әскерінің тамақтану нормалары өзгеруі мүмкін

Жарияланған күні:

Әскерде
Әскерде. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери қызметкердің тамақтануына өзгерістер енгізетін бұйрығының жобасы пайда болды. Кей жағдайда ауыз судың нормасы артып, сүт қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды. Құжат Қазақстандағы әскери қызметшілерді тамақтандырудың бекітілген стандарттарына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Осылайша, полигондар мен орталықтарда әскери дайындықтан өтіп жатқан әскери міндеттілерді, әскери дайындыққа шақырылғандарды, әскери кафедралардың студенттерін ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Әскери қызметшілер далалық жорықта, оқу-жаттығуларда, маневр жасауда, полигонда, зілзала мен апат ауданында болған кезде, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде, сондай-ақ  әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер, климаты ыстық өңірлердегі (Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстары) оқу-жаттығу полигондары мен орталықтарында әскери даярлықтан өтетін әскери кафедра студенттері 1 маусым – 31 тамыз кезеңінде тәулігіне 3 литрден бөтелкедегі ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Радиациямен және басқа да улы заттармен жұмыс істейтіндер үшін тамақтану стандарттары да өзгереді. Оларға емдік-профилактикалық рацион ретінде сүт беру ұсынылады.

Осы норма бойынша мемлекет есебінен әскери қызметшілер: кочегар (оператор), газ-электрмен дәнекерлеуші, улы химикаттармен байланысты медициналық (ветеринариялық) персонал, маман (ренгенолог), жанар-жағармай материалымен (жанар-жағармай материалы қоймасының бастығы, отын құюшы) және су кәрізімен (сантехник) ұдайы байланысты мамандар, құрамында иондаушы сәулелену заттары бар бұйымдарды сақтаумен, қорғаумен және техникалық қызмет көрсетумен байланысты қару-жарақ қызметінің мамандары (қару-жарақ қызметінің бастығы, қойма бастығы, сақтау орнының бастығы, техник, краншы, такелажшы), сондай-ақ радиациялық қатері бар жұмыспен байланысты ерекше міндеттерді орындайтын РХБҚ бөлімшелері жабдықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2209973-qazaqstan-askerining-tamaqtanu-normalary-ozgerui-mumkin/