"Кішкентай қыздан "жын шығарған": Оқу-ағарту министрлігі комитеті Атыраудағы жайтқа қатысты түсініктеме берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖақында желіде қазақстандықтардың ашуын тудырған видео пайда болды. Кадрларда ер адам тоғыз жасар қыздың ішінен "жын шығарғаны" көрсетілген. Бұл оқиғаға Балалар құқығын қорғау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еске сала кетейік, кішкентай қыздың "жыны шығарылғаны" көрсетілген видео Қазақстан халқының ашу-ызасын тудырғанын жазған едік. Тұрғындар кішкентай қызды "емдемек" болған ер адамдарды жауапқа тартуды және қыздың ата-анасын тексеруді талап етті.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева бұл іспен Ішкі істер министрлігі айналысып жатқанын әлеуметтік желіде жазды. Атырау облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Сәрсембаева "емші" Атырау облысында тұратынын, бірақ еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет көрсетіп, қалаларды аралап жүргенін айтты.
Бүгін, 9 қаңтарда резонанс тудырған видеоға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді.
"Бұндай оқиғаларға жол берілмейді және қатты алаңдатады.
Оқу-ағарту Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазірдің өзінде жағдайды бақылауға алды. Қазір балаға бұндай әрекеттің салдарын барынша азайту үшін барлық қажетті көмек, соның ішінде кәсіби психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.
Бала құқықтары жөніндегі аймақтық омбудсмен де жұмыс істеп жатыр.
Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өткен жөн. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен ережелерді сақтау қажеттігін еске салады", - деді ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210045-atyrauda-kishkentai-qyzdan-zhyn-shygarylgan-zhaitqa-qatysty-oqu-agartu-ministrligi-komiteti-tusinikteme-berdi/