jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысындағы Майқайың ауылының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді

Қысқы дала көрінісі. Көрнекі сурет
Қысқы дала көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бейсенбі, 9 қаңтар күні таңертең Павлодар облысындағы Майқайың ауылының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді. Төтенше жағдай кезінде ештеңе қирамаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, ақпарат департаментке 9 қаңтар күні сағат 09.55-те түскен.

"Баянауыл ауданы Майқайың ауылының тұрғындары жердің дірілдегенін сезді. Мән-жайды анықтау барысында Ұлттық сейсмология орталығы берген координаттар тексерілді.

Бұл геолокация Майқайың ауылынан 15 шақырым жерде далалық аймақта орналасқаны анықталды. Тексеру ешқандай қирау немесе зардаптар туралы растаған жоқ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ осы жерде "Майқайыңлтын ЖШС-нің жарылыс жұмыстары 8 қаңтарда жүргізілгені және қауіпті аймақтың радиусы мұндай зардаптарға әкелмейтіні түсіндірілді.

Павлодар облысындағы Майқайың ауылының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.