jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алакөлде 25 балықшы тұрған мұз қатпары жарылып кетті (видео)

    Балықшыларды құтқару сәті
    Балықшыларды құтқару сәті. Фото: t.me/qr_tjm

    Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 25 балықшыны құтқарды. Олар сынған мұздың үстінде қалған. Адамдар жағаға жеткізілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алакөл көлінде Ақши ауылы мен Көктұма ауылы арасында мұз жарылып, 25 балықшы жағаға жете алмаған.

    Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен оларды жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

    "ТЖМ қатпаған мұзға шығудан бас тартуды ұсынады және қауіпті әрекеттерден сақтануға кеңес береді. Балық аулау сенің өміріннен қымбат емес", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.