Шымкентте тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ете алмаған шенеуніктер жазаланды
Жарияланған күні:
Шымкент прокуратурасында тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелері тексерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала прокуратурасы тексеру барысында 1500-ден астам үйдің орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмегенін, санитарлық нормалардың бұзылғанын, су инфрақұрылым нысандарының сапасыз салынғанын және сумен жабдықтаудың дұрыс ұйымдастырылмағанын анықтаған.
Қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210487-shymkentte-turgyndardy-auyz-sumen-qamtamasyz-ete-almagan-sheneunikter-zhazalandy/