Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі
Жарияланған күні:
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Әл-Фараби ауданы аумағында есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні анықтады.
Тексеру кезінде ұсталған азаматтың өзімен бірге "мефедрон" салынған пакеті болған. Полиция қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алып, психотроптық заттың 200-ден астам дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.
Осы ретте құқыққорғау органдары есірткінің заңсыз айналымы үшін қатаң жаза, соның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210492-shymkentte-politsiia-qyzmetkerleri-asa-iri-kolemde-esirtki-zattaryn-tarkiledi/