jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атырауда мұнай-газ өңдеу зауытында апат болып, 30 тонна жанармай төгілген

    Атырау мұнай өңдеу зауыты
    Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото: atr.kz

    Атыраудағы мұнай-газ өңдеу зауытында апат болды. Өндіріс аумағында ақау шығып, жанармай жан-жаққа төгілген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Телеарна ақпаатынша, сарылдап аққан жанармай біраз аумаққа жайылған. Әлеуметтік желіге таралған бейнежазбадан кейін кәсіпорын ресми ақпарат берді.

    Зауыттағылар жер астындағы құбыр жарылды дейді. Қазір ол резервуардан ажыратылған. Өндіріс аумағына 20-30 тонна шамасында жанармай төгіліпті. Дегенмен ақау жойылып, зауыт баз қалпында жұмыс жасап тұр деп сендірді.

    Ал төгілген жанармайды кері сорып алып, қайта өңдеуге жіберген көрінеді. Қазір арнайы құрылған комиссия ақаудың себеп-салдарын анықтауға кірісті. 

    "Жарылған құбырды таптық. Жердің астында жатқан. Қазір жөнделіп жатыр. Жердің астынан қазып,таптық. Не жағдай болғанын комиссия анықтайды", - деді АМӨЗ директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Есжанов.

    Дереккөз: "КТК"

    Атырауда мұнай-газ өңдеу зауытында апат болып, 30 тонна жанармай төгілген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.