Top.Mail.Ru

Зектілері

Желіде Тоқаевтың студенттік жылдардағы сирек суреті жарияланды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қытайтанушы Иван Зуенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы студенттік тағылымдамасы кезіндегі мұрағаттық фотосуретін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуреті Қытайдың Цзянсу провинциясында 1983 жылы түсірілген.

"Менің мұрағатымда 1983/1984 жылғы 10-ақ адамнан тұратын кішігірім топтағы екі стажердің суреті бар (10 адамның барлығы Мәскеуден және олардың барлығы Бейжіңде оқыды). Академиялық ортада белгілі қытайтанушылардан тұратын кейінгі ағындардан айырмашылығы, бұл топта оқығандар елеусіз болып көрінуі мүмкін. Алайда тобымыздың кем дегенде екі мүшесі тарихта елеулі із қалдырды", - деп жазды Зуенко өзінің Telegram-дағы арнада.

Оның айтуынша, суретте - сол кезде КСРО СІМ-нің 30 жастағы қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаев және МГИМО түлегі, сондай-ақ сол кезде ИСАА МГУ-ның 22 жастағы түлегі, қазір Ресей Федерациясының Қытайдағы Елшісі - Игорь Моргулов бейнеленген.

Сондай-ақ суретте 1983 жылы МГИМО студенті Андрей Царенко бар, ол кейінірек Кеңес елшілігінің қызметкері болды. Фотосурет Цзянсу провинциясының Уси қаласына сапары кезінде түсірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210579-zhelide-toqaevtyng-studenttik-zhyldardagy-sirek-sureti-zhariialandy/