Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық азамат Швецияда ұсталды
Жарияланған күні:
Алматы банктерінің бірінен 55 млн теңге ұрлады деп күдіктелген ер адам Швецияда ұсталды. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің медиа порталы хабарлайды.
Хабарда айтылғандай, Швецияда Қазақстан Ішкі істер министрлігі Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы ер адам ұсталды. Ол ірі сомада ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
"2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған. Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда",-делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Швециядан Қазақстанға аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікті экстрадицияланғаны туралы хабарлаған едік.
Ол 2015-2020 жылы Шымкенттегі сауда орталығында жұмыс істеп жүріп, өзіне сеніп тапсырылған 57 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210592-bankten-55-mln-tengge-urlagan-er-adam-shvetsiiada-ustaldy/