Top.Mail.Ru

Зектілері

15 жастағы әзербайжандық қыз Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Қазақстанға ән арнады (видео)

Жарияланған күні:

Ақтаудағы ұшақ апаты
AZAL әуе компаниясының ұшағы. Фото: SOPA Images/Getty Images

Әзербайжанда 15 жастағы Каталина есімді қыз Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Қазақстанға ән арнады. Әннің сөзінде ол қиын сәтте қол ұшын созған қазақ халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тиісті ақпарат журналист, тележүргізуші Гүлмира Әбіқайдың Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

"Тыңдамай, өтіп кету мүмкін емес. Ән алғыс, ән шер, ән өткенге салауат, бүгінге аманат. Әзербайжандық Каталина 15 жаста. Ешкім есік ашпаған ұшаққа құшақ ашқан қазақ еліне мың алғыс деген кішкентай жүрегіңнен айналдым", - делінген жазбада.

Желі қолданушылары видео астында әнді көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес екенін жазды.

"Жылап алдым , менің Қазақстаным, жасасын мәңгілік", "Ақтаудың жігіттері нағыз қазақтың батырлары. Нағыз ерлік көрсетті", "Осы әнді түсініп шырқап тұрған жүрегіңнен", "Мына өлеңді көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес, жаралы құстай Ақтауымнан, қазақ жерінен пана іздеп, көмек сұраған ғой, өкінішті. Тек адамдардың бәрі тірі қалғанда жақсы болатын еді, жандары жәннатта болсын, аман қалғандары тез сауығып кетсін!", "Жыламай көру мүмкін емес", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2210648-15-zhastagy-azirbaizhandyq-qyz-aqtaudagy-ushaq-apatynan-keiin-qazaqstanga-an-arnady/