Зектілері

ҰҚК Алматы қаласы мен екі облыста терроризмді насихаттады деген күдікпен үш адамды ұстады

Жарияланған күні:

ҰҚК
ҰҚК діни радикалдарды ұстау сәті. Видеодан кадр: youtube.com/@knbgovkz

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылы қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кескені белгілі болды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, терроризмді оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен үш адам қамауға алынған. Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдері өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2211390-uqk-almaty-qalasy-men-eki-oblysta-terrorizmdi-nasihattady-degen-kudikpen-ush-adamdy-ustady/