jitsu gif

"Қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым": астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

қоқыс жәшігі
Қоқыс жәшігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 "Д" сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған.

Яғни жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.

"Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым", - дейді Ерлан Бақтығалиұлы.

Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.