Полицейлер астаналықтарға қаладан шықпауға кеңес берді
Жарияланған күні:

Астана полициясы қала тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға кеңес береді. Елордада боран соғып, жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа-райының нашарлауына байланысты елордалық полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте сақ болуға және көру мүмкіндігінің төмендеуін ескеруге шақырады.
"Жеке көлікпен саяхаттау кезінде ауа-райының нашарлауы және қозғалыс шектеулері (көктайғақ, боран және т.б.) туралы хабарламаларды ескеру қажет. Кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек, алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты әдеттегіден бір жарым-екі есе артық ұстау керек. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына шығудан бас тартуды сұраймыз. Сақ болыңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!", - дейді ПД өкілдері ведомствоның Instagram-дағы ресми-парақшасында.
Сондай-ақ полиция департаментіндегілер Астана-Павлодар, Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды, Астана-Қабанбай батыр (Қосшы) жолдары жабық екенін еске салады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2213675-politseiler-astanalyqtarga-qaladan-shyqpauga-kenges-berdi/