Зектілері

17 жастағы қарағандылық бойжеткен мемлекеттен 5 млн теңге грант алып, жүн өңдеу цехын ашты

Жарияланған күні:

Гүлпахат Құттыбаева
Видеодан кадр: 24.kz

17 жастағы қарағандылық колледж студенті Гүлпахат Құттыбаева жүн өңдеу цехын ашты. Бұл –өңірдегі осы саладағы алғашқы өндіріс орны, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, колледж оқушысы облыс әкімінің грантын алған. Бойжеткен ұлттық стильдегі қой мен түйе жүнінен жасалған бұйымдарды шығарумен айналысады. 

17 жастағы Гүлпахат Құттыбаеваға жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімінен 5 млн теңге грант берілді. Бұл ақшаға ол жабдық сатып алды. Колледж оқушысы хоббиін нағыз бизнеске айналдыруға кірісті.

Гүлпахат Құттыбаева киіз басумен мектептен бастап айналыса бастаған. Ұлттық ою-өрнегі бар қой жүнінен жасалған түрлі бұйымдар Қарағанды өңірінде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша да сұранысқа ие. Гүлпахат өз жұмысын көрмелерде, соның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көрсетіп үлгерді. Онда оның жұмысына назар аударған Франция мен Түркиядан келген қонақтар бұйымдарды сатып алды. Енді Гүлпахат цехта қой және түйе жүнін өңдеп, киім, аяқ киім, бас киімді өнеркәсіптік ауқымда шығаруға ниетті. Гүлпахат Құттыбаеваның сөзінше, бұл оңай кәсіп емес.

"Ең алдымен жүнді жақсылап жуып, кептіреміз. Бұл көп уақытты қажет ететін және күрделі процесс. Өнімдеріме сапалы және тазартылған жүнді таңдаймын. Өзім нарыққа талдау жасай келе, Қазақстанда осындай өндіріс өте аз екенін түсінгеннен кейін осындай цех ашу идеясы келді", - дейді жас кәсіпкер.

Телеарнаның хабарлауынша, Қарағанды өңірінде мұндай жүн өңдеу цехы мүлде жоқ.

Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы төрағасының орынбасары Айжан Қиясованың айтуынша, цех жұмысын жүргізуді бойжеткен қыздың қолға алғаны үлгі аларлық іс.

Гүлпахат шикізатты жергілікті фермерлерден сатып алады. Ауылдағылар үшін де бұл жүнді сатудың жақсы мүмкіндігі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2214017-17-zhastagy-qaragandylyq-boizhetken-memleketten-5-mln-tengge-grant-alyp-zhun-ongdeu-tsehyn-ashty/