jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш аң камераға түсіп қалды

фототұзаққа түсіп қалған қар барысы
Фототұзаққа түсіп қалған қар барысы. Видеодан кадр: instagram.com/sairam_ugam

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер бұл сирек кездесетін аңның ұлттық парк аумағында бар екенін растайды.

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде қар барысының жүруі жабайы табиғатты сақтауға жағдай жасалғанын және парк қызметкерлері жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының жоғары тиімділігін дәлелдейді", - делінген "Сайрам-Өгем" ұлттық паркі желіде жариялаған видео сипаттамасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде қар барысы мен оның үш аланы, сондай-ақ Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалған болатын.

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш аң камераға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.