jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таразда боранды күні жолда қалған шетелдіктерді полиция қызметкері үйіне қонақ етті (видео)

туристер
Жолда қалған туристер. Видеодан кадр: instagram.com/stories/silkyrontheroad/

Тараздық полиция қызметкері боранда жолда қалған шетел азаматтарын үйіне қонақ қылды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Талғат Белесов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкер жолда қызметте тұрған полиция қызметкерінің қонақжайлығына ризашылық білдіріп, видео жариялады.

Видеода полиция қызметкері көліктегі жолаушыларға жол ашылғанша Таразда бір-екі күн қалып, қонақ болуға шақырады.

"Айша бибі ауылының тұрғындары боранда жолда қалған барлық жолаушыға үйлерін ашып, ыстық тамақ ұсынып жатыр. Серік есімді полиция қызметкері бізді жол үстінде тоқтатып, жол ашылғанша өз үйіне қонақ етті. Сонымен қатар Тараз қаласының басқа да полиция қызметкерлері жолаушыларға қолдау көрсетіп жатыр. Қазақтың бірлігі арта берсін!", - деп жазды автор.

полиция қызметкері
Скриншот: instagram.com/stories/silkyrontheroad

Шетел азаматтары да полиция қызметкерінің әрекетіне таңғалысын жасыра алмады.

"Біз қарлы боранда тұрып қалдық. Содан кейін біз осындай мейірімді полицейді кездестірдік. Ол бізді үйіне шақырды. Біз өте көп астан дәм таттық. Түнгі 2.00-ге дейін әңгіме айттық. Қандай тамаша отбасы! Қазақстандағы қонақжайлыққа ештеңе тең келмейді", - дейді шетелдік қонақтар Instagram-дағы stories бөлімінде.

Жамбыл облыстық полиция департаменті өкілдері шетелдік азаматтарды үйіне қонақ еткен аға лейтенант Серік Есенғали полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны инспекторы болып қызмет ететінін айтты.

Таразда боранды күні жолда қалған шетелдіктерді полиция қызметкері үйіне қонақ етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.