jitsu gif

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына тағы көмек көрсетіледі

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жер
Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жер. Фото: Issa Tazhenbayev / Anadolu via Getty Images

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасына демеушілер тағы әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қанат Бозымбаев бұған дейін марқұмдардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске салды.

"Әрбір отбасыға тиісті сомасы төленді. Жерлеу рәсімі, басқа да мәселелер бойынша біздің әріптестеріміз, әкімдер өздеріне жүктелген міндеттерді атқарды. Демеушілердің арқасында келесі аптада тағы бір көмек көрсетеміз деп ойлаймын. Ол отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі. Әзірге нақты қандай, қанша мөлшердегі көмек екенін айта алмаймын. Нақты белгілі болғанда ресми мәліметін береміз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырап, салдарынан 38 адам қаза тапқан еді.

Қаза тапқандардың арасында Қазақстанның алты азамат болды. Олардың төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанай облысының, біреуі Астана қаласының тұрғыны болған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.