Зектілері

Алматы облысында көпбалалы аналарға үйіне газ тарту үшін жеңілдіктер ұсынылды

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Газ құбыры. Фото: "Тауекел-Н-Алгабас"

Бүгін мемлекет басшысы "Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес", - деді. Осы орайда Алматы облысында газ тартатын компания 25 жылдығына орай көпбалалы отбасыларға, қоғамның осал топтарына айтарлықтай жеңілдік жасап жатқанын хабарлады.

Алматы облысында тұрғындар кей топтарына тегін жылу жүргізілген. Тарифтердің шекті мөлшерінен асырмай жұмыс атқарылуда.

Тауарлық газ тарифі бойынша "Тауекел-Н-Алгабас" ЖШС табиғи монополия субъектісі болып саналады, оның тарифі ұзақ мерзімге бекітіледі. Соңғы өзгерістер 2021-2026 жылдар аралығына бекітілді, яғни 5 жылға.

Сонымен қатар "Тауекел-Н-Алгабас"ЖШС қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектісі болып саналады және мұндай нарықтар үшін тарифтер баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес бекітіледі, ол 01.02.2017 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің №36 бұйрығымен бекітілген.

"Біз сондай-ақ, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектісі ретінде, уәкілетті орган — Табиғи монополиялар департаментімен тарифтердің шекті мөлшерін келісеміз.

Газ құбыры
Газ құбыры: "Тауекел-Н-Алгабас"

Шекті бағаның жыл сайынғы өсуі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, онда ішкі нарықтағы тауарлық газды көтерме сатуға арналған шекті бағалар бекітілген. Бұл өсу көтерме бағаның артуына байланысты болады.

Қазіргі уақытта физикалық тұлғалар үшін 1 м³ газ тарифі 42,24 теңге, заңды тұлғалар үшін — 42,85 теңге. Адрес бойынша әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар үшін жеңілдік қарастырылған және тариф 31,29 теңге болып саналады", - дейді компания өкілдері.

"Газ шаруашылығы қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне кіретін және тұрғын үйлерді газдандырумен айналысатын компаниялар, төрағаның тапсырмасына сәйкес, тұрақты түрде әлеуметтік осал топтарға газдандыру бойынша жеңілдіктер ұсынады. Атап айтқанда:

* Ұлы Отан соғысының ардагерлері — тегін;

* "Алтын алқа" анасының балалары — 50 пайыз жеңілдік;

* Ауған соғысының ардагерлері, 1-2 топ мүгедектері, "Күміс алқа" анасының балалары — 30 пайыз жеңілдік;

* Кедейлік деңгейінде тұратын азаматтар — тексеру актісі бойынша.

25 жыл ішінде компаниялар тұрғын үйлерді газдандыруға келесі жеңілдіктер ұсынды:

* Тегін — 1050 бірлік;

* 50% — 5280 бірлік;

* 30% — 6840 бірлік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2216328-almaty-oblysynda-kopbalaly-analarga-uiine-gaz-tartu-ushin-zhengildikter-usynyldy/