Зектілері

Көктайғақ, тұман, қар: ертең ел өңірлерінде күн райы қандай болады

Жарияланған күні:

Тұман
Тұманды ауа райы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" ертең, 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сонымен бірге кей облыстарда қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астанада түнде және таңертең аздаған қар, тұман күтіледі. Көктайғақ.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жаууыы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Қарағандыда аздап тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашынды (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман сақталады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының батысында, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысында солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 25 градус қатты аяз. Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Қонаевта түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жаууы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болмақ.

Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасы. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз Аягоз ауданында жаяу бұрқасын жауабы. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда тұман күтіледі.

Павлодар облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының шығысында, орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, тұман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2217332-koktaigaq-tuman-qar-erteng-el-ongirlerinde-kun-raiy-qandai-bolady/