"Шымбұлақ" курортын басқа демалыс аймағымен байланыстыру жоспарланып отыр
Жарияланған күні:

Алматыда тау кластерін дамыту жұмыстары аясында Шымбұлақ курортын кеңейту және аспалы жолдардың санын көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өткен.
Жиынға премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысқан.
Кездесу барысында өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасы таныстырылған.
Жоба бойынша:
- "Шымбұлақ" курортын кеңейту және оны "Ой-Қарағай" демалыс аймағымен біріктіру;
- Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру;
- Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту;
- Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту;
- Жыл сайынғы туристік ағынды 5 млн адамға дейін көбейту көзделген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2217770-shymbulaq-kurortyn-basqa-demalys-aimagymen-bailanystyru-zhosparlanyp-otyr/