Зектілері

Тұрғын үй төлемі, көтерме жәрдемақы, үстемақы: Қазақстанда құтқарушыларға қандай қолдау көрсетіледі

Жарияланған күні:

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері. Фото: ТЖМ ресми сайты

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәжілістің жалпы отырысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жақсарғанын айтты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын орындайтын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін тұрғын үй төлемдері көзделген. 

Ал қызмет бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақылар төленеді. Сондай-ақ мүлкін (бюджет қаражаты есебінен) тасымалдауға жұмсалған шығындар өтеледі.

"Бұл нормалар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін ротациялау процесін едәуір жеңілдетуге және табиғи төтенше жағдайларға бейім өңірлерде анағұрлым тәжірибелі қызметкерлерді пайдалануға мүмкіндік береді", - дейді министр.

Сондай-ақ әскери немесе төтенше жағдай кезеңінде жұмыс істегені үшін үстемақы қарастырылған. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін ынталандыру төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою, өрттерді сөндіру, әскери немесе төтенше жағдай енгізілген кезеңде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде үш күн үшін бір күн есебінен жүзеге асырылады және ақшалай қамту үш есе мөлшерде төленетін болады.

Бұл норма төтенше жағдайларды жоюға, өртті сөндіруге, дағдарыс жағдайында қауіптілігі жоғары жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған.

"Бұл төлемдерді белгілеу қызметкерлерге әсіресе жылжымайтын мүлік құны жоғары аймақтардағы тұрғын үй шығындарын жабуға көмектеседі. Бұл үстемеақылар қызметкерлердің кәсіби қызметіне байланысты қосымша тәуекелдер мен қиындықтарды өтейді. Жалпы тұрғын үй төлемдері мен үстемеақыларды белгілеу білікті мамандарды тартуға және ұстап қалуға, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі", - деді ТЖМ басшысы.

Осы Заң жобасы шеңберінде депутаттардың қолдауымен ТЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, казармалық жағдайда жұмыс істеген және карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі мәселе пысықталып, келісілген ұстаным қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2218092-turgyn-ui-tolemi-koterme-zhardemaqy-ustemaqy-qazaqstanda-qutqarushylarga-qandai-qoldau-korsetiledi/