Зектілері

"Қазақмыс" тұңғыш президентке қатысты таралған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

"Қазақмыс"
"Қазақмыс" корпорациясының эмблемасы. Фото: t.me/qazaqmys_official

"Қазақмыс" корпорациясы ресми сайтында бірқатар БАҚ-та тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты таралған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз.

"Қазақмыс" корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ. Әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты. Мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

Осы ордай корпорация өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың шынайылығына көз жеткізуді және расталмаған деректерді таратпауға шақырды.

"Қазақмыс" корпорациясы ашықтық қағидатын ұстана отырып, өзінің негізгі қызметі аясындағы жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2218179-qazaqmys-korporatsiiasy-tunggysh-prezidentke-qatysty-taralgan-aqparatqa-bailanysty-malimdeme-zhasady/