jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Екі жарым ай іздеген": Қызылорда облысында жоғалған ер адам табылды

Полиция
Полиция. Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары қарт ата-анасы 2,5 ай бойы іздеген ер адамды тапты. Оның құжаттары болмағаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz медиа-порталы.

Қызылорда облысының полицейлері қала орталығында ер адамды тоқтатып, оның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екенін анықтады. Тәртіп сақшылары оны тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырып, дереу жақын туыстарын іздеуге кіріседі.

Ер адамды екі жарым ай бойы Жамбыл облысы Қордай ауданында қарт ата-анасы іздеп жүргені белгілі болды.

Баласын тауып берген полицейлерге қарт ана алғыс айтты.

"Екі жарым ай іздеген": Қызылорда облысында жоғалған ер адам табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.