jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Тасжолдағы боран
Тасжолдағы боран. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Ақмола және Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы ресми каналында.

Бүгін, 6 ақпанда сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық жолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы бойынша "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысының шекарасына дейін). Қарағанды облысы бойынша "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) және 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесі.

Жолды 2025 жылғы 7 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.