Зектілері

Алматыда ескі перзентхана сүріліп, 12 миллиард теңгеге жаңасы салынады

Жарияланған күні:

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Алматыда ескі перзентхана сүріліп, орнына 12 миллиард теңгеге жаңасы салынбақ. Салынғанына 88 жыл болған ғимарат әбден тозған дейді қала әкімі Ерболат Досаев. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлады.

"1937 жылы іргетасы қаланған №1 перзентхана ескірген, заманауи стандартқа сай емес. Жаңа корпустың жобалауы аяқталуға жақын. Ал маусымда мемлекеттік сараптама шығады. Осыдан кейін ескі ғимарат сүріле бастайды", - дейді Досаев.

Ал жаңа нысанның құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Осы уақыт аралығында №1 перзентханада тіркелген жүкті әйелдер өзге перинаталдық орталықтарға жіберіледі. Бұған қоса қаладағы 90 жылдық тарихы бар спорт мектебі де сүрілетін болды.

Досмұхамедов көшесінің бойында орналасқан ғимараттың да әбден тозығы жеткен. Сондықтан ол балаларға қауіпті дейді әкім. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың орнына жаңасы салынады. Қазір оның жоба-смета құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2218673-almatyda-eski-perzenthana-surilip-12-milliard-tenggege-zhangasy-salynady/