Демалыс күндері елімізде күн райы қандай болады
Жарияланған күні:

"Қазгидромет" алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде сенбі-жексенбі күндері күн ашық болса, оңтүстікте жауын-шашын жаууы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Демалыс күндері елдің батысында, солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ал республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты және елдің оңтүстігінде циклон әсерінен қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болуы ықтимал. Сонымен бірге бұл өңірде көктайғақ болуы мүмкін.
Елімздің шығыс өңірінде қарлы боран соғып, жел тұрады. Республика бойынша тұман күтіледі.
Батыста түнде ауа температурасы -5-13°С, солтүстік-батыста-13-21°С, солтүстікте -7-15°С, шығыста және орталықта-12-20°С болмады. Одан бөлек ауа температурасы оңтүстікте -1-ге дейін төмендеі мүмкін.
Оңтүстік-шығыста -5-10 градус аяз болады. Ал таулы аймақтарда күн -13-23°С дейін суиды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2218956-demalys-kunderi-elimizde-kun-raiy-qandai-bolady/