"Сусынға есірткі қосып жібереді": полиция қызметкерлері елордалық бойжеткендерге үндеу жасады
Жарияланған күні:

Полиция қызметкерлері астаналық қыздарға үндеу жасап, оларды абай болуға шақырды. Қалалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда қыздардың сусындарына есірткі қосып жіберген жағдайлар жиі кездесіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір жыл ішінде 8 000-нан астам есірткі қылмысы анықталған. Олардың арасында қылмыскерлердің бейтаныс адамдарға, әсіресе қыздарға сусындарына есірткі заттарын қосу жағдайлары жиі кездеседі.
Мамандар сақтық үшін арнайы есірткі заттарын анықтайтын тест-жолақтарын бірге алып жүруге кеңес береді.
Айта кетейік, мұндай жолақтар дәріханаларда сатылады, өлшемі кішірек, көп орын алмайды және ең бастысы – бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Полицейлердің айтуынша, бұл – қылмыстың алдын алудың және жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2219867-susynga-esirtki-qosyp-zhiberedi-politsiia-qyzmetkerleri-elordalyq-boizhetkenderge-undeu-zhasady/