Қар, көктайғақ, бұрқасын: синоптиктер еліміздің 16 өңірінде күн бұзылатынын ескертті
Жарияланған күні:

"Қазгидромет" ертең, 13 ақпанда еліміздің барлық дерлік өңірінде күн райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктер көптеген өңірде қар, тұман, көктайғақ, жел тұратынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Астанада 13 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысында аздаған қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан асады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттар тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда көктайғақ болады.
Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болмақ.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с болмақ.
Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2220300-qar-koktaigaq-burqasyn-sinoptikter-elimizding-16-ongirinde-kun-buzylatynyn-eskertti/