jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қордайда мұғалімдерді концертке билет алуға міндеттеді": Оқу-ағарту министрлігінің өкілі ақпаратқа пікір білдірді

Кинотеатр залы
Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Жамбыл облысы Қордай ауданының білім бөліміндегілер "мұғалімдерді әнші Айбек Қайбулланың концертіне билет алуға міндеттеді" деген ақпарат шықты. Бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұғалімдерден өтпей жатқан билеттерді сатып алуға ақша жиналғаны туралы ақпарат журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. Журналиске хабарламаны Қордай ауданынан оқырманы жолдаған.

"Айбек Қайбулла деген әнші Қордайға келеді екен, билеті өтпей жатыр екен, соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауға тиіс? Қордай аудандық білім бөлімінің тапсырмасы, неге мектептерге бөліп тастайды, билеті өтпесе де біз кінәліміз бе? Мен тиын санайтын адам емеспін, бірақ өз принципім бар. Қайырымдылық концерт болса бір жөн. Болмайтын нәрсеге ақша жинататынын, оның бәрі ұсақ-түйек екенін түсінемін, бірақ неге білім бөлімі міндеттейді соны? Қайырымдылық концерт болса, жетімдер үйінен келіп концерт қойса қуана баратын едік, мектептерге осылай бөліп тастайды, барсаң да, бармасаң да жинап бересің", - деп жазылған хабарламада.

Бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Facebook желісіндегі парақшасында пікір білдірді. Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті баяндалған жағдай бойынша тексеру жүргізеді.

"Заңбұзушылықтар расталған жағдайда заңнама шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзғаны үшін қызметтік тергеу негізінде Қордай ауданының жергілікті атқарушы органы өкілінің жауапкершілігі қаралады", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

"Қордайда мұғалімдерді концертке билет алуға міндеттеді": Оқу-ағарту министрлігінің өкілі ақпаратқа пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.